$ 498.34  519.72  4.85

COVID-пен ауырған әйелдер ерте босанып қалуы мүмкін бе? Дәрігер жауап берді

Кейде дәрігерлер жүктілікті үзуге мәжбүр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері соңғы кезде өңірде жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыру көрсеткішінің өсуіне алаңдаулы, деп хабарлады Sputnik КТК арнасына сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы бері облыста 517 әйел коронавирус жұқтырған. Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдерде сырқат ағымы ауыр өтеді. Кейде дәрігерлер жүктілікті үзуге мәжбүр болады.

Коронавирус салдарынан нәрестелер көп жағдайда уақытынан ерте дүниеге келеді. Сондықтан түрлі патологиямен туады. Кесарь тілігі жасалған 15 әйелдің 12-сінің баласы уақытынан ерте туды.

Қазір оның төртеуі жансақтау бөлімінде. Небәрі 700 грамм салмақпен дүниеге келген нәресте шетінеп кетті. Жүкті әйелдерді дерттен сақтау үшін айналасындағылардың вакцина алуы маңызды.

"Жүкті әйелдер вакциналау тізіміне енбеген осал топтағы жандар. Олар коронавирустық инфекцияның алдында дәрменсіз. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және сәбиінің денсаулығына нұқсан келтірмеу қоғамның санасына байланысты болып тұр. Жүктілер мен балаларды оларға инфекциясыз қауіпсіз орта қалыптастыру арқылы ғана қорғай аламыз", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары