$ 494.87  520.65  4.91

«Pfizer вакцинасының жеткізілетін уақыты белгісіз» - Цой

Қазақстан әзірге ДДСҰ тіркеген екі вакцинаны сатып алды.
фото: көрнекі фото
фото: көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алынатындығын айтып, Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізуге қатысты мәселелер әлі пысықталып жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан ДДСҰ тіркеген бірқатар вакцинаны сатып алған. Олар: Қытайдың Sinovac компаниясы өндірген CoronaVac, Sinopharm компаниясы өндірген VeroCell вакциналары.

«Бұған қоса, Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарланып отыр. Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта тасымалдауға, жеткізу кестесіне және келісімшартқа қол қоюға қатысты мәселелер пысықталып жатыр», - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған еді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Ошакбаев LIVE» бағдарламасында бірнеше сұраққа жауап беріп, Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілгенмен, ол барлығына бірдей қолжетімді болмайтынын, бастапқыда бұл вакцина жүкті әйелдер мен балалар үшін ғана қолжетімді болатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцина