Қазақстанның тағы бір аймағы COVID-19 жасыл аймағына енді, деп жазады inbusiness.kz.
2021 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.