$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде екі адамнан омикрон-штамы анықталды

Жалпы он жолаушыдан коронавирус анықталған. Штамдар әзірге анықталып жатыр.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Оңтүстік Африка Республикасынан келген ресейлік жолаушылардан коронавирустың омикрон-штамы анықталды. Бұл туралы Роспотребнадзор өкілдері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"ПТР-тестінің нәтижесі оң шыққан екі жолаушыдан толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде "омикрон" штамы анықталды", - деді ведомство өкілдері. 

Жалпы коронавирус он жолаушыдан анықталған. Штамдар әзірге анықталып жатыр.

Еске салайық, коронавирустың "омикрон" нұсқасын ДДСҰ сарапшылары "алаңдаушылық тудыратын" санатқа жатқызады, өйткені оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар. 

tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус