$ 447.4  477.55  4.76

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны айтарлықтай азайды

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 4 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі 19 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 4 адам қайтыс болды.

19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 810 адам коронавирус инфекциясынан (–17 244+ және 2 566 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 404 пациент стационарда, 16 406 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 307 адамның жағдайы ауыр,

- 71 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 58 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 17 желтоқсандағы мәлімет бойынша 13 жаңа жағдай тіркелді, 24 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 83 632; 

- өлім жағдайы – 5 195;

- барлығы 75 871 адам сауығып шықты.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары