$ 498.34  519.72  4.85

Үржарда оқушыларға күштеп вакцина салдырып жатыр (ВИДЕО)

Неден қорқып отсыңдар сендер? Қол-аяғың, бәрі сау. Басында алғандар өлген жоқ.

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің директоры Зауре Сатыбалдинованың оқушыларға ұрсып жатқан аудиосы таралып жатыр, деп хабарлады orda.kz.

Аудионы таратқан автордың айтуынша, мектеп директоры оқушыларды коронавирусқа қарсы вакцина алуға мәжбүрлеген көрінеді.

«Сендер өз-өздеріңе кедергі жасап отсыңдар. Ыңғай ауру балалар біздің мектепте ғана бар, сау бала жоқ менде. 51 мектептің 49 мектебі түгел вакцина алып болды. Сендер неден қорқып отсыңдар? Сендерді өлімге апаратын менің басым екеу емес. Мен де сендерге келер алдында ойланып келдім. Екі университет, бір колледж бітірген адаммын мен», – деді Зауре Сатыбалдинова.
Сонымен қатар, директор оқушылардың бірінен не үшін вакцина алмайтынын сұрады.

«Шық бері қарай! Атың кім сенің? Не болды? Неге бармай жүрсің вакцинаға?» – деп сұрады директор.

Оқушы оған ата-анасының қарсылығына байланысты вакцина алмағанын алға тартты. Баланың жауабына көңілі толмаған директор оған ұрысып берді.

«Қазір сөйлесіп, қазір барасыңдар! Бұл не нәрсе? Неден қорқып отсыңдар сендер? Қол-аяғың, бәрі сау. Басында алғандар өлген жоқ», – деді Сатыбалдинова.

Оқушыларды тізбектеп, вакцина екпесін алуға күштеп, ата-аналарына хабарласуын талап етті. Оқушылардың бірінің әкесі ауруханада жұмыс істейтінін естіген директор белгісіз біреуге хабарласып, әкесін жұмыстан шығару керек деп қорқытқан.

«Сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай? Сізге хабарласып тұрған Зауре Казеновна. Сізде жедел жәрдем қызметінде С. жұмыс істейді. Сол кісінің баласы вакцина алмай отыр. Шара қолданыңыз!» – деді директор телефон арқылы.

Бұл ретте директор барлық оқушыларға тарих сабағынан кейін ата-аналарымен сөйлесіп, вакцина алуын талап еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары