Денсаулық 24.12.2021 сағат 21:27

Омикрон штаммы әлемнің 110 елінен анықталды

Ол "дельтаға" қарағанда тез таралады.
Омикрон штаммы әлемнің 110 елінен анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Омикрон штамы әлемнің 110 елінде анықталды. Бұл туралы ДДСҰ жұмада таратқан COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы жаңарған мәліметте көрсетілген. Ол "дельтаға" қарағанда тез таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"22 желтоқсандағы жағдай бойынша, ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы 110 елде омикрон анықталды", - делінген хабарламада.

Деректер омикрон "дельта" штамына қарағанда әлдеқайда жылдам таралатынын және салдары жеңіл болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен, вакциналар немесе бұрын вирус жұқтырып жазылғаны қаншалықты ауруға ықпал ететіні әлі белгісіз.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда омикрон штамы табылған жоқ.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар