$ 449.58  486.94  4.86

«Ұйқыңыз жақсарып, шаршау азаяды»: Күріштің біз білмейтін пайдасы қандай?

Буындарыңыз сықырлағанын қойып, жанарыңызда нұр ойнап, тырнағыңыз қатайып, шаштарыңыз да жылтырай бастайды.

Буындарыңыз сықырлағанын қойып, жанарыңызда нұр ойнап, тырнағыңыз қатайып, шаштарыңыз да жылтырай бастайды. Оған қоса, осы қара суық күз мезгілінде  ұйқыңыз жақсарып, шаршау азаяды. Бұл тазалау ағзаны жасартып қана қоймай, көптеген аурулардың алдын алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы тарихшы, журналист, қоғам қайраткері Тұрар Сәттарқызы Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазған. 

Көбіміз дұрыс өмір салтын сақтамайтынымыз шындық. Кейбіреулер арақ ішіп, темекі тартады. Салдарынан адам ағзасы уытты заттармен уланады.
Артық салмақты адамдар да көп. Ауырмайтын адам жоқ.

“Өзім көп дәрі қабылдағандықтан, бауыр-бүйрек, асқазан ауырып, дәрі-дәрмек уытынан болған токсиндерден тазалану жолын іздеп, Тибет монахтарының күрішпен тазару рецептін таптым. Қолданып жүрмін. Қолданған таныстарымның арасында денсаулыққа да пайдасы болғанын және тіпті арықтауға да себеп болатынын көрдік деп жүр”

Қажет заттар: 

Қоңыр күріш,  (бурый рис), 2 литр банка (мен 1 литр банкаға бөліп жасаймын, ыңғайлы болса, солай жасасаңызда болады, тек бітіп қалмауын қадағалап отырыңыз!).

Жас мөлшеріңізге қарай, қоңыр күріштің 2-3 қорабын аласыз. 20 күн үзбей жеу керек. Мен екі қорабын алдым.

Ертең тазалануды бастаймын деген күні күріштің бір қорабын алып, жақсылап жуып, сүзіп, 2 литр банкаға саласыз да, үстінен қанжылым су құясызда, тоңазытқышқа қойып қоясыз. 2 литр банка алу себебі: үстіне жылы су құйылған күріш өседі.

Ертең ерте тұрып, ашқарында шәй температурасындай судың (ыссы, қатты ыстық емес) 3-4 стаканын ішесіз (іше алғанша).  Суды отырып, асықпай ұрттап-ұрттап ішу керек (тез ішсеңіз, жүрек айнып кетуі мүмкін).

Су ішіп жатқан кезде тоңазытқыштағы банкадағы күрішті алып шығып, эмаль кастрюльге 3 ас қасық күріш салып, баяу отта 20 -25 минут қайнатасыз. Банкадағы күрішті жақсылап суық сумен жуып, тағы қанжылым су құйып тоңазытқышқа қайта қоясыз (күнде-күнде осылай жасайсыз! Күрішті күнде жуып, үстіне су құйып қою маңызды!). Сосын жарты сағат өткенде піскен күрішті асықпай шайнап жейсіз (әр күрішті шайнау маңызды!).

Бұл сіздің таңғы асыңыз болады. 3 сағат бойы ештеңе жемейсіз, ішпейсіз. 3 сағат өткен соң, 1 стақан ыссы су ішесіз( шәй ішкендей). Сосын 15-20 минут тағы еш нәрсе жемейсіз. Тек содан кейін ішіп-жеуге ғана болады. Күніне 2 литр су ішу керек (тек сағат 18.00 дейін ғана!). 

Ағзаны тазарту кезінде қажетті заттар мен дәрумендерді де қадағалау керек.
Тазару кезінде рационға кепкен өрік, мейіз, суға піскен картоп) жеу керек.

Суық су, балмұздақ тәрізді суық тағам пайдаланбаңыз. Күніне ішетін 2 литр суыңыз да жылы болуы керек. Тәтті тағамды шектеңіз.

Калий мен магний жетіспеушілігі болмау үшін тазалану кезінде құрамында осылар бар дәрумендер қабылдауды  ұмытпаңыздар!

Суда тұрған күріш ағза үшін мықты энтерсорбент болып табылады, ол буындар мен несеп жолдарынан ауыр тұздарды шығарады. Осы тазару кезінде майлы, ащы, калория мөлшері көп азық-түлікті пайдаланбаңыз. Көк шәй, итмұрын тұнбасын (термоста тұндырған) ішіп, көк алма, сәбіз, қызылша, қырыққабат, салаттар жеуге болады.

Бұл тазару кезінде ағзадан ауыр тұздар мен токсиндермен бірге, жүрек жұмысы үшін маңызды дәрумен -калий де шайылып шығады. Сондықтан кефирге кепкен өрік (курага)  салып ішуге және остепороздың алдын алу үшін кепкен жеміс жеуге болады.

Бұл тазартудан кезінде қолыңызға смарт сағат тағып, күнделікті қадамыңызды санап, жаяу жүріп, жаттығулар жасап жүрсеңіз, салмағыңыз жақсы түседі. Тамағыңызды қадағалап, ас ішкен соң, жата қалмай, әрдайым қимыл-қозғалыста болыңыз.  

Күніне 8-10 мың қадам жасауға тырысып, жаяу жүретін жерде көлікпен жүрмей, лифтімен емес, баспалдақпен көтеріліңіз, велосипед тебіңіз, жаттығу жасаңыз.

Буындарыңыз “сықырлағанын” қойып, жанарыңызда нұр ойнап, тырнағыңыз қатайып, шаштарыңыз да жылтырай бастайды. Ұйқыңыз жақсарып, шаршау азаяды.
Бұл тазалау ағзаны жасартып қана қоймай, көптеген аурулардың алдын алады.

Тибет монахтарының ұзақ өмір сүруінің сыры осында шығар?!
Ауырмаңыз, аман болып, ұзақ жасаңыз!
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары