Әлемде алғаш рет EctoLife компаниясы бала өсіретін жасанды құрсақ құрылғысын ұсынды. Бұл ретте болашақ ата-аналар мобильді қосымша арқылы сәбидің даму процессін көре алады, деп хабарлайды Stan.kz.
Ғалымдар жер бетінде соңғы бір ғасырға жуық уақытта адамдардың туу көрсеткішінің төмендеп кеткенін айтады. Мұны тіпті “бедеулік дағдарысы” деп те атағандар бар.
Дегенмен, өнертапқыштар бұл орайда мәселенің шешімін тапқандай. 2017 жылы ғалымдар жасанды құрсақ қызметін атқаратын "BioBag" жасап, оны қозының төлін өсіру үшін пайдаланды. Енді мұндай құрылғыны адамдар үшін қолдануға болатынын көрсетуде. Жақында Хашем Аль-Гайли болашақта қалай сәбилі болуға болатын кадрларды көрсетті. Атап айтқанда, ол EctoLife деп аталатын жасанды жатыр объектісін жасап шығарды.
Аль-Гайли EctoLife тұжырымдамасы бір күні табиғи босанудың орнын басуы мүмкін деп санайды. Осылайша ол асырап алу агенттігінен жауап күтуден шаршаған қоғам мен жүктіліктің асқынуына алаңдайтын ата-аналардың қажеттіліктерін қанағаттанатынын жеткізді. Ғалым ең бастысы EctoLife-тың бедеулікпен бетпе-бет күресетінін айтады.
EctoLife видеосы бойынша болашақ ата-аналардың бірінші қадамына жұмыртқа мен сперматозоидты in vitro ұрықтандыру арқылы біріктіру кіретінін көрсетеді.Аль-Гайли генетикалық жағынан жоғары эмбриондар, ең алдымен, түсік тастау қаупін жоятынын айтады.