Экономика 25.04.2023 сағат 10:40

Ірі мұнай-газ компаниясы жекеменшікке су тегінге сатылып кеткен

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.
Ірі мұнай-газ компаниясы жекеменшікке су тегінге сатылып кеткен
Фото: inform.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды, деп хабарлады Үкіметтің телеграм-каналы. 

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды.

Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады.

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар