$ 475.25  505.52  4.95
Экономика 01.07.2023 сағат 15:00

Астананың 25 жылдығына орай мерейтойлық монеталар шығады

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Астананың 25 жылдығына орай мерейтойлық монеталар шығады
Фото: kazcoins.nationalbank.kz

Ұлттық банк Астана қаласының мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Банк мәліметінше, монеталар 2023 жылғы 3 шілдеден бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылымға шығады.

Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясындағы ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 (жиырма мың) дана, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар