Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,40 теңгеге төмендеп, 446,79 теңге болды. Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы бойынша долларға шаққанда 448,13 теңге.
Kurs.kz мәліметіне қарағанда, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,92 теңгеден сатып алынып, 450,00 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағасы – 446,98 теңге, сату – 449,04 теңге.