$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан Египетке 5 мың тонна қой етін сататын болды

Қазақстан Мысырға жылына 5 мың тонна қой етін экспорттайтын болды деп мәлімдеді "Қазақ-ТВ" телеарнасы. Астанада Египеттің Индустриялық модернизациялау орталығы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Құжат қазақстандық кәсіпорындарға өз өнімдерін африка елдеріне экспорттаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

«Египет шет елдерден 100 мың тоннаға дейін қой етін алады. Оның шамамен 5 пайызын Қазақстан сата алады. Ол – 5 мың тонна. Ол біздің кәсіпкерлерге байланысты. Олар мүмкіншілікті пайдаланса, біз оларға көмек көрсетеміз нарыққа шығуға», - дейді ҚР Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов.

Мұнымен қоса, Мысырға сүт өнімдері, ұн, бидай және жасымық сынды өнімдерді де жөнелту мүмкіндіктері қарастырылуда. Тек Египет емес, Мысыр арқылы отандық өнімді өзге Африка елдеріне экспорттау тұстары зерттеліп жатыр, - деді Сыртқы сауда палататасы төрағасының орынбасары.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 49 млн долларға жеткен. 32 миллионы қазақстандық экспорттың үлесінде. Біздің тарап Мысырға негізінен шикізат пен мұнай өнімдерін жөнелтіп, Египеттен фармакологиялық өнімдерді импорттаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары