$ 448.89  477.93  4.76

Әлемдегі ең бай 500 адамның қатарында қазақстандықтар жоқ

5 ақпанда Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай 500 миллиардердің тізімін жариялады. Алайда, олардың қатарында қазақстандықтар жоқ.

Рейтингтің көшін бұрынғыша Microsoft корпорациясының қожайыны Билл Гейтс бастап тұр. Оның жиған дәулеті 85,6 млрд долларға пара-пар. Екінші орында тағы бір америкалық миллиардер - Уоррен Баффет. 86 жастағы кәсіпкер бүгінге дейін 78,9 млрд доллар жинапты. Ал, үздік үштікті 73,5 млрд доллармен Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос қорытындылап тұр.

Ең дәулетті он адамның тізімі төмендегідей:

Амансио Ортега, испан модельері – 69,3 млрд доллар,
Марк Цукерберг, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы – 59,1 млрд доллар,
Карлос Слим, мексикалық кәсіпкер – 53 млрд долларов,
Ағайынды Чарльз бен Дэвид Кох, америкалық кәсіпкерлер – әрқайсысында 48,1 млрд доллар,
Ларри Эллисон, Oracle корпорациясының басшысы – 45,3 млрд долларов,
Ингвар Кампрад, IKEA компаниясының негізін қалаушы – 42,9 млрд долларов.

Тізімнің ең соңғы 500-ші орнында саудиялық банкир Сүлеймен әл-Раджи, оның жиған дәулеті 3,61 млрд долларға тең. Ал, Қазақстанның ең бай кәсіпкері Болат Өтемұратов 2,4 млрд доллармен (2016 ж) бұл тізімге енбей қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары