$ 444.14  477.05  4.85

Қазақстан сұйытылған газ экспортын шектеуді көздеп отыр

Құжат 24 қазанға дейін талқылау үшін  Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Энергетика министрлігі «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық әзірледі. Осылайша, еліміз сұйытылған газ экспортын шектеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Өнімді бөлу туралы келісім не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын атап өтті.

Құжат 24 қазанға дейін талқылау үшін  Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары