Өткен аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,1%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның апталық өсуі соңғы рет 4 ай бұрын – 30 мамыр мен 6 маусым аралығында тіркелді.
Жекелеген өнімдердің ішінде жұмыртқа ең көп қымбаттаған, оның бағасы 1,3%-ға өскен.
Ал көкөністер, атап айтқанда, пияз, сәбіз және картоп арзандаған.