$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысының әкімі Нұрсұлтанға пәтер кілтін табыстады (ВИДЕО)

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кеше ғана дүниеге келген өңірдің 2 миллионыншы тұрғыны Нұрсұлтанның ата-анасына жаңа пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нәресте Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Диас Шорманов пен Жарқынай Еменақынова білім беру саласында еңбек етеді екен. Тек бір отбасының емес, бүтін бір өңірдің қуанышымен бөлісу үшін облыс әкімі Амандық Баталов Шормановтар отбасына барып, жас отбасына пәтер кілтін табыстады.

"Мен сіздерді ұлды болуларыңызбен құттықтаймын. Бұл сәби бәріміз үшін де маңызды. Өйткені, Алматы облысының 2 миллионыншы тұрғыны атанып отыр. Дені сау және ақылды жігіт болсын. Отбасыларыңызға бар жақсылықты тілеймін, - деді А.Баталов.
Сәбидің әкесі Диас Шорманов болса ұзақ уақыт балаға ат таңдай алмағанын айтады. Кейін әжесі туған-туыстардың басын жинап, оған Нұрсұлтан деген ат беруді ұсыныпты. Өйткені, сәби дүниеге келген перзентхананы Президент Нұрсұлтан Әбішұлының өзі ашқан екен.

"Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің көшбасшымыз, мемлекеттің басшысы. Біздің облыстың 2 миллионыншы тұрғыны да сол секілді мықты, артынан бүкіл елді ерте алатын азамат болып өссін. Біздің мемлекет ата-ана атанамын деген отбасыларға қолдауын бұдан кейін де жалғастыра береді. Осы орайда, облысымыздың 2 миллионыншы тұрғынына біз ерекше сыйлық - Есік қаласынан пәтер беруді ұйғарып отырмыз. Бұл бүкіл облыс тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды", - деді Амандық Баталов Шормановтар отбасының қуанышымен бөлісе отырып.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, күн сайын Еңбекшіқазақ ауданында 15-18 сәби дүниеге келеді екен. Облыс бойынша бала туу көрсеткіші жағынан да аталған аудан көш басында. Ал, Есіктегі осынау перзентхана ашылғалы бері мұнда 45 650 бала дүние есігін ашқан. Орталық 2014 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен ашылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары