$ 494.87  520.65  4.91

Миллион теңге жалақы алу үшін қай салада жұмыс істеу керек?

Бұл салаларда 2023 жылдың соңғы төрт айында жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда экономиканың салалық санаттарының саны өсті. Мұнда жалдамалы қызметкердің орташа айлығы 1 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Finprom сарапшыларының мәліметінше, 2023 жыл қорытындысы бойынша 6 саланы атауға болады.

Айталық:

Теңіз жүк тасымалы;

Қаржы және сақтандыру қызметі;

Міндетті әлеуметтік сақтандыру;

Әуе тасымалы;

Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;

Бас компания жұмысы мен басқару бойынша кеңес беру.

Бұл салаларда 2023 жылдың соңғы төрт айында жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.

Фото: finprom.kz

Мәселен, тізімде жалақысы 3,5 миллион теңгеден асатын 10 лауазым бар. Көш басында сауда компаниясының басқарма төрағасы тұр. Оның жалақысы – 5,8 миллион теңге. Одан кейінгі орындарға инженерлер (5 млн теңге) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары