Бұл салаларда 2023 жылдың соңғы төрт айында жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Қазақстанда экономиканың салалық санаттарының саны өсті. Мұнда жалдамалы қызметкердің орташа айлығы 1 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Finprom сарапшыларының мәліметінше, 2023 жыл қорытындысы бойынша 6 саланы атауға болады.
Айталық:
Теңіз жүк тасымалы;
Қаржы және сақтандыру қызметі;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
Әуе тасымалы;
Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
Бас компания жұмысы мен басқару бойынша кеңес беру.
Бұл салаларда 2023 жылдың соңғы төрт айында жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Фото: finprom.kz
Мәселен, тізімде жалақысы 3,5 миллион теңгеден асатын 10 лауазым бар. Көш басында сауда компаниясының басқарма төрағасы тұр. Оның жалақысы – 5,8 миллион теңге. Одан кейінгі орындарға инженерлер (5 млн теңге) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) енген.