$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жетеді?

Бүгінде жылына 90 тонна алтын өндіріліп жатыр.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазір елімізде алтынның 2 300 тонна қоры бар. Бұл – геологиялық запас. Бүгінде жылына 90 тонна алтын өндіріліп жатыр. Жалпы алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар. Біздің болжам бойынша, Қазақстанда алтынның қоры 20 мың тоннаға дейін жетеді», - деді Ерлан Акбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма төрағасының айтуынша, елімізде мұнай бойынша геологиялық қор – 4 млрд 400 млн тонна.

«Оның ішінде өңдеуге жататын мұнайдың С1 категориясының қоры – 2 млрд 900 млн тонна. Бұл – жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі қор. Барлау жасалып жатқан қаншама кен орны мен участок бар. Бұл мұнай таусылып қалады деген әңгіме емес. Қазақстандағы мұнайдың болжамды қоры – 78 млрд тонна, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары