$ 498.34  519.72  4.85

Енді несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді

Заң жобасы қазір сенатта қаралып жатыр.

Фото: архивтен
Фото: архивтен

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Егер адамның ай сайын төлейтін несиесі жалақының жартысынан асса, онда оған жаңа несие берілмейді.

Мәжілісмендер жалпы отырыста екінші оқылымда мақұлданған "Кейбір заңнамалық актілерге несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына осындай түзетулер енгізді.

"АMANАТ" фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, несие берушілер енді қарыз жүктемесінің коэффициентін (ДЛР) есептеп барып, несие беруі керек. Мысалы, табысыңыз 200 мың теңге болса, несиенің ай сайынғы төлемі 100 мыңнан аспауы керек. Егер жалпы несие төлемдері кірістің 50%-ына жетсе, жаңа несие берілмейді. 

Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар студент сияқты табыс көзі жоқ адамдарға несие беруді болдырмау үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме арқылы несиелеудің өсуін тоқтатуға бағытталған. Заң жобасы қазір сенатта қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары