$ 494.87  520.65  4.91

Су тасқыны: Әр облысқа демеуші олигархтар бекітілді

Осы уақытқа дейін жалпы сомасы 7,5 млрд теңге біржолғы төлемақы берілді.

Фото: azattyq-ruhy.kz / авторы Әбілқасым Есентаев
Фото: azattyq-ruhy.kz / авторы Әбілқасым Есентаев

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны болған өңірлерге демеушілік көмек көрсететін олигархтардың есімін атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өздеріңіз білесіздер, бизнес өкілдері демеушілік міндетемелерді өздеріне алып отыр. Біз өңірлер үшін тізім жасап бекіттік.

Су тасыған өңірлерге қаржылай қолдау білдірген ірі бизнес өкілдерінің арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев та бар.

Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша су тасқыны салдарын жою (оның ішінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша) Т. Құлыбаевтың және Ракишевтің бір топ компаниялары көмек көрсетеді, - деді Бозымбаев.

Демеушілер тізімі төмендегідей:

Ақмола облысы бойынша –  Integra Construction (В.Ким) және «RG Gold»;

Ақтөбе облысы бойынша – «Болат Өтемұратов қоры», «BI Group» АҚ және «ERG» компаниялар тобы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша – «Астана моторс» компаниялар тобы, «BI Group» АҚ, «Jusan» банк, «Банк Центр кредит» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, КПО;

Қостанай облысы бойынша – «ADD Capital», «ERG», «Аллюр» және «АгромашХолдинг», «Базис-А», сондай-ақ «RG Brands»  компаниялары;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – «Қазақмыс» корпорациясы, «Каспи.кз» АҚ, «KAZ Minerals» тобы демеушілік көмек көрсетеді.

Бозымбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда 20 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемақы берілді. Осы уақытқа дейін жалпы сомасы 7,5 млрд теңге төленді. Ал 680 отбасына материалдық шығынды қалпына келтіру үшін 362,5 млн теңге өтемақы берілді.

Сондай-ақ 568 отбасына үйін жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңге сомасында өтемақы берілді.

Су тасқыны болған өңірлерде залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда, - деп түсіндірді үкімет басшысының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары