20.11.2024, 16:20

Экономист: Доллар 1000 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Фото: Pixabay

Доллар қымбаттап жатыр. Доллар қымбаттаған сайын бүкіл тауарлар қымбаттайды. Отандық өнім де қымбаттайды. 

Қазақстандық экономист Сәбит Рысбаевтың пайымдауынша, теңге девальвацияға ұшырап, оның бағамы 1000 теңгеге дейін жетуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Халықтың сатып алу көрсеткіші түсіп жатыр. Доллар қымбаттап жатыр. Доллар қымбаттаған сайын бүкіл тауарлар қымбаттайды. Отандық өнім де қымбаттайды. Оның да бір шикізаты шетелден келеді. Доллардан қымбаттағаны қымбатшылық әкеледі. Қазір білінбесе де 1-2 айда доллары бар да, доллары жоқ та мұны сезінеді. Бұл бастамасы деп ойлаймын.

Ресейдің Орталық банкісі өткен айда пайыздық ставканы 21%-ге көтерді. Ресейдің тарихында болмаған мұндай пайыз. Ипотекалық кредиттері 40%-дан асты. Ресей долларды ұстап тұру үшін мәжбүрлі түрде барды бұған. Желтоқсанда тағы да отырыс болады. Сол кезде 23%-ке шығарады екен деген сыбыс бар.

Ресейде 1998-де девальвация болды. Рубль 4 есе құнсызданды. Қазақстанда 1999-да президенттік сайлау өтті. Артынан теңге 2 есе құнсызданды. Ресейде 2014-те рубль 1 түнде 2 есе құнсызданды. Қазақстанда 2015-те сайлау өтті. Артынан теңге құнсызданды. Ресейдегі рубльге күніміз қарап отыр. Одан бері түрлі одақтарға кіріп алдық. Алда бізге де оңай болайын деп тұрған жоқ. Айдың күннің аманында Ұлттық банк теңгені ұстай алмауда. Ертең рубль тағы да 2-3 есе құнсызданса, Қазақстанда доллар 1000-нан асады. Мына күнімізбен жылап көрісеміз-ау!?», – деп жазды С.Рысбаев.