$ 530.24  543.97  5.16

Доллар тағы қымбаттады

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,5 теңгеден сатылып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 515,25 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523,5 теңге. Еуро 536 — 544 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,15 - 5,19 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 26 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 514,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 536,04.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары