$ 530.24  543.97  5.16

Мұнай арзандап жатыр: Доллар бағасы нығая ма?

1 қаңтардан бастап долларды сатып алуға қатысты шектеулер енгізіледі.

Фото: ИнфоТЭК
Фото: ИнфоТЭК

Мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы (AERC) хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бірақ ұзақмерзімді болжам бойынша мұнай бағасы барреліне 70-72 доллар шамасында төмендеу үрдісімен тұрақтайды», – деп болжады сарапшылар.

Brent мұнай фьючерстері қыркүйек айының басынан бері төмендеп жатқаны байқалады. Бұл Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының болжамына сәйкес келмеді. Бұған дейін сарапшылар баға өседі деп болжаған.

Бұған не әсер етті? Сарапшылар пайымынша, шикізат бағасының құбылуына АҚШ пен Қытайдағы сұраныстың төмендеуі, ОПЕК-тің соңғы есебіндегі жағымсыз болжамдар ықпал еткен. Есепте «2024 жылы шикізатқа сұраныс төмен болатын» деп жазылған. Мұнай бағасына жағымсыз әсер еткен қосымша факторлар жекелеген елдердің, атап айтқанда Ирактың квоталарды сақтамауы.

«Мұнайдың арзандауына АҚШ пен Қытай нарығындағы «қара алтынға» деген сұраныстың төмендеуі, ОПЕК+ ұйымының жыл соңына дейін мұнай өндірісін үдетуі себеп болды», – деп түсіндірді сарапшылар.

Мұнай бағасына соңғы соққы – Ливиядағы саяси дағдарыс.

AERC барреліне 70-72 доллар диапазонында шамалы төмендеу үрдісімен мұнай бағасының одан әрі тұрақтануын болжайды.

2024 жылғы 10 қыркүйектен Brent маркалы мұнай кейінгі 3 жылдағы көрсеткішінен қатты арзандады. Шикізат бағасы барреліне 69,72 долларға дейін құлдырады. Кейін қайта қалпына келе бастады.

Бұл ретте Қазақстанның 2025 жылға арналған бюджет жобасында мұнайдың орташа бағасы барреліне 75 долларды құрайды. Қазақстан мұнайы мемлекет қазынасына (бюджет пен Ұлттық қорға) түсетін барлық салық түсімінің 40%-ын (жылына 8 трлн теңгеден астам) құрайды.

Bank of America мұнай бағасы 2025 жылы орта есеппен 65 долларға дейін төмендейді деп болжайды.

2024 жылға болжамды баға барреліне 81 долларды құрады.

«Мұнай тапшылығы болмайды, сондықтан біз 2025 жылы мұнайға қатысты бұдан да төмен позицияны ұстанамыз», — деп жазады Bank of America.

Сарапшылар жаһандық нарықтардағы мол ұсынысқа ерекше назар аударды, бұл 2022 жылы байқалғандай бағалық сілкіністердің алдын алуы мүмкін.

Айта кетелік, валюта бойынша ақша аударымдарына қатысты да жаңашылдықтар өмірге жолдама алғалы тұр.

"Айталық, компания "Банк ЦентрКредитте" бұрын сатып алынған шетелдік валютаны басқа уәкілетті банкке аударса, онда төл қаражатын аудару туралы Өтініште валютаны сатып алған күнін, сондай-ақ валюталық шарттың нөмірі мен күні туралы ақпаратты міндетті түрде көрсетуі қажет. Ақша аудару туралы өтініште осы ақпарат болмаған жағдайда, банк клиентке операция жүргізуіне рұқсат бермеуге мәжбүр болады", – деп хабарлады банк мамандары.

Сарапшылардың байламынша, бұл шаралар ірі валюталық операцияларды бақылауды күшейтуге, капиталды елден заңсыз шығарудың алдын алуға және қаржылық транзакциялардың айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан бөлек, компанияларды сатып алған долларын кері сатуға мәжбүрлеуді Ұлттық банктің ұлттық валютаның бағамын әрі қарайғы девальвациядан қорғау үшін де жасап отырғаны байқалады. Осыны түсінген саяси сауатты жұрт шетелдік валютаны сатып алуын жалғастырды. Бірақ рубльден қазақстандықтар белсенді арылып жатыр.

Жылдың қаржылық қорытындысын шығарған Ranking агенттігі сарапшыларының мәліметінше, биыл АҚШ валютасының ресми бағамының жоғарғы шегі 511-513 теңгеге дейін жетті.

Биылғы қараша айында доллардың ресми орташа бағамы 494,92 теңгені құрады. Яғни, 2023 жылғы қарашадан бері, бір жыл ішінде орта есеппен 6,8%-ға қымбаттаған.

Алайда қарапайым қазақстандықтардың валютаны биржадан сатып алуына тыйым салынған. Олар тек айырбастау бекеттерінен ғана алуға мәжбүр. Оларда айырбас курсы қазіргі кезде 522 теңгеден көп түсер емес.  

Ұлттық банк бекіткен АҚШ валютасының ресми бағамы биылғы желтоқсанда 511,22 теңгеден бастады. Ал, 26 желтоқсанға қарай 0,7%-ға өсіп, 514,93 теңгеге дейін жетті.

Ресми бағам шырқау шегіне 18 желтоқсанда шықты: 1 доллар биржада 524,66 теңге тұрды.

Айта кету керек, еуроның ресми бағамы желтоқсанды 540,05 теңге межесінен бастады. Алайда 26 желтоқсанға қарай керісінше, 0,7% төмендеп, 536,04 теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары