20.01.2025, 19:20

Қор нарығында доллар құбылып тұр

Фото: freepik

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 529,99 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 529,99 теңге.

Ұлттық банктің 20 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 530,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 546,08.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532,5 теңге. Еуро 546 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.