05.02.2025, 18:20

Доллар қайта арзандады

Фото: canva

Астанада айырбастау пунктері долларды 515,58 теңгеге сатып алып, 521,58 теңгеге сатады.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижелеріне сәйкес, доллардың орташа бағамы 515,97 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық банктің 5 ақпандағы ресми бағамы бойынша 520,27 теңге болды.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 517,08 теңге, ал сатылымы 519,22 теңге.

Астанада айырбастау пунктері долларды 515,58 теңгеге сатып алып, 521,58 теңгеге сатады.