13.02.2025, 18:00

Доллар «тағынан тайды»

Фото: Pixabay

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 504,64 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың бағасы 497,88 теңгені құрады. Осылайша 3,95 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 501,31 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 502,89 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 504,64 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, доллар 10 ақпанда 0,52 теңгеге, 11 ақпанда 3,48 теңгеге, 12 ақпанда 4,94 теңгеге арзандаған.