$ 494.87  520.65  4.91

Қыркүйекте мүлік пен капиталды заңдастыру басталады

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында заңдастырудың жаңа кезеңі басталады. Жобаға сәйкес, ақша, бағалы қағаздар мен заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі заңдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Қаржы министрлігі мәлімдегендей, бұл тізімге тиісті мақсатқа, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес құрылыстар мен басқа тұлғаның атына ресімделген ғимараттар да кіреді. Заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

«Бірақ жемқорлық және басқа құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық әрекеттер нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыруға болмайды», делінген хабарламада. 

Ұсынылып отырған заңдастыру процедурасы бойынша ақша 5 жылға екінші деңгейлі банктерде ашылған арнайы жинақ есепшотына аударылады. Одан әрі азаматтар қаражатты өздері қолданады. Бірақ ақшалай қаражат ерте төленген жағдайда банктер заңдастырылған ақшаның 10% ұстап қалады. 

Ал мүлікті заңдастыру әкімдіктер жанындағы комиссиялармен жүргізіледі. Азаматтар мүлікті заңдастыруға өтініш жазып, жеке куәлігінің көшірмесін (өтініш берген жағдайда түпнұсқасын), нысанның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін көрсететін аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын ұсынуы тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары