$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда дәнді-дақылдар өнімі былтырғыдан 3 есе аз болады деп болжануда

Павлодар облысында астық егісінің тек 28 пайызы ғана жақсы жағдайда, деп хабарлайды BNews.kz.

Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Шұғаевтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде астық егісінің тек 28 пайызының ғана күйі жақсы. Ал 54 пайызы – қанағаттанарлық және 18 пайызы – нашар жағдайда. 

Ж.Шұғаев атап өткендей, биыл дәнді-дақылдар өнімділігі бір гектардан 5 центнер деңгейінде болжанып отыр, бұл өткен жылға қарағанда үш есе аз. 

Барлығы осы күзде 676 мың гектардан шамамен 345 мың тонна астық жинау көзделіп отыр. Өткен жылы 862 мың тонна жиналған. Басқармадан түсіндіргендей, мұның бәріне ауа райының қолайсыздығы кінәлі: көктемде қатты жел болса, маусым-шілде айларында жаңбыр жаумай, құрғақшылық болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары