$ 539.54  637.09  6.52

«650 млн доллары ғана тиді»: Қашаған кен орны табысының жартысын ғана Қазақстанға аударған

Былтыр Қашаған кен орны 11 млрд доллардан астам табыс тапқан.

Фото: Қазмұнайгаз
Фото: Қазмұнайгаз

2024 жылы Қашаған кен орны 11 млрд доллардан астам табыс әкелді. Бірақ Қазақстанға соның тек 650 млн доллары ғана тиді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Салыстыру үшін: шетелдік акционерлердің пайдасы шамамен 2 млрд долларды құрады.
Яғни мемлекет үлесі бар болғаны 6% — бұл әлемдегі мұнай жобалары арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Неге сонша аз?

  • Табыс көлемінің 80%-ы капитальды және операциялық шығындарды жабуға кетеді (Cost Oil).

  • Тек 20%-ы ғана «пайдалы мұнай» (Profit Oil) болып саналады.

  • Сол 2,2 млрд доллардан Қазақстанға бар болғаны 10% — 220 млн доллар тиді.

  • Бұған қоса, NCOC төлеген салықтардан 430 млн доллар түсті.

Еске салсақ: еліміздің «пайдалы мұнайдағы» үлесі 3 млрд баррель өндірілгенше өзгермейді. Қазір небәрі бірінші миллиард баррель ғана алынған.

Әзірге акционерлер табыс салығын (30%) төлей бастады. Мысалы, ҚМГ алғашқы төлемін жасады — бар болғаны 45 млн доллар.

Қазақстан Қашағаннан түскен қыруар табыстың тым аз ғана бөлігін алып отыр — бар болғаны 6%.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары