20.08.2025, 23:30

«650 млн доллары ғана тиді»: Қашаған кен орны табысының жартысын ғана Қазақстанға аударған

Фото: Қазмұнайгаз

Былтыр Қашаған кен орны 11 млрд доллардан астам табыс тапқан.

2024 жылы Қашаған кен орны 11 млрд доллардан астам табыс әкелді. Бірақ Қазақстанға соның тек 650 млн доллары ғана тиді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Салыстыру үшін: шетелдік акционерлердің пайдасы шамамен 2 млрд долларды құрады. Яғни мемлекет үлесі бар болғаны 6% — бұл әлемдегі мұнай жобалары арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Неге сонша аз?

Табыс көлемінің 80%-ы капитальды және операциялық шығындарды жабуға кетеді (Cost Oil).

Тек 20%-ы ғана «пайдалы мұнай» (Profit Oil) болып саналады.

Сол 2,2 млрд доллардан Қазақстанға бар болғаны 10% — 220 млн доллар тиді.

Бұған қоса, NCOC төлеген салықтардан 430 млн доллар түсті.

Еске салсақ: еліміздің «пайдалы мұнайдағы» үлесі 3 млрд баррель өндірілгенше өзгермейді. Қазір небәрі бірінші миллиард баррель ғана алынған.

Әзірге акционерлер табыс салығын (30%) төлей бастады. Мысалы, ҚМГ алғашқы төлемін жасады — бар болғаны 45 млн доллар.

Қазақстан Қашағаннан түскен қыруар табыстың тым аз ғана бөлігін алып отыр — бар болғаны 6%.