$ 444.22  476.38  4.82

Ұлттық банк теңге бағамын өзгертпек

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының қазіргі ауытқу дәлізін өзгерту туралы шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ислам қаржысы жөніндегі қазақстандық конференцияның сыртында журналистермен әңгімелесу кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

— Ресей рубліне қатысты қандай цифр болады? Бүгінгі бағам - 185 плюс/минус 3 теңге, теңге 40-42 ресей рублі бағамына қарағанда тыныш болады. Өз істеріңізбен айналыса беруге болады, айырбас пункттеріне жүгірудің қажеті жоқ. Бұл - бірінші мәселе. Екінші мәселе - тұтас алып қараған кезде төлем балансы жақсы. Кейбіреулер біз көп нәрсе шығындадық деп айтып жүрген тамыз айының қорытындысы бойынша алтын-валюта қоры 27,7 млрд долларға дейін өсті. Біз теңгені нығайтуға арналған кеңістік бар деп есептейміз, қазір біз плюс/минус 3 теңге дәлізін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бір жағынан 185-тен плюс 3 қалады. Екінші жағынан кері қарай біз оны минус 15-ке дейін кеңейтеміз. Сонда 181, 180, 179 бағамы алыс емес болады. Бірақ бұл жағдайға байланысты болады, — деді Ұлттық банк басшысы.

Келімбетов Ұлттық банктің бұл мәселе бойынша шешімді осы аптада қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты. Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын сол деңгейде ұстап отырудан бас тартып, валюта интервенциясы көлемі мен оның теңгенің айырбас бағамын қалыптастыру процесіне араласуын қысқартатынын жария еткен еді. Соның салдарынан теңгенің айырбас бағамы долларына 155,5 теңгеден 185 теңгеге дейін өзгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары