$ 494.87  520.65  4.91

Елдегі баспана бағасы тағы қымбаттай түсті

2014 жылдың тамыз айында өткен аймен салыстырғанда тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі байқалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, есепті кезеңде абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 1 пайыз, абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы 0,8 пайызға өскен.

«Сонымен қатар, тамыз айында абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру – 0,2 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату  0,1 пайызға өскен», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 2014 жылдың тамыз айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы шаршы метріне 214 мың 695 теңгені құрады. Ал абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы шаршы метріне 171 мың 432 теңгеге, осы санаттағы баспананы жалға беру құны шаршы метріне 1 200 теңгеге жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары