$ 494.87  520.65  4.91

Есімов канадалық кәсіпкерлерді Алматы экономикасын дамытуға шақырды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Канада парламентарийінің делегациясын қабылдады. Оны Қазақстан – Канада парламенттің «достастық тобының» тең төрағасы, Канада Қоғамдық палатасының табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Леон Бенуа бастап келді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, қала басшысы Қазақстан мен Канада арасындағы тығыз байланысты атап өтті. Бүгінде Алматы қаласында 35 қазақстандық-канадалық компания мен Канада капиталымен отырған 50 компанияның жұмыс істеп жатқанын да жеткізді.

– Біз еркін экономикалық аймақ ретінде жұмыс істеп отырған инновациялық технологиялар паркін дамытудамыз. Сонымен бірге, Индустриалдық аймақты жүзеге асырудамыз. Онда компаниялар байқау шарты негізінде оррналасып, өз өндірісін дамыта алады. Егер канадалық кәсіпорындар да оларға қызығушылық танытып жатса, қатысуларына болады, – деді қала әкімі.

Өз кезегінде делегация өкілдері бірлескен жобаларға қызығушылықтарының бар екендіктерін жеткізді. Дәлірек айтқанда, тараптар туризм, білім беру, ғылым, экономика және технологиялық даму салалары бойынша әріптестікті дамытуға уағдаласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары