$ 443.85  474.3  4.8

Елдегі өндірілетін мұнай көлемі 2020 жылдан кейін азаяды

Қазақстанда 2020 жылдан кейін мұнай өндіру көлемі азаяды деген болжам жасалып отыр. Бұл туралы бүгін KAZENERGY ассоциациясының «Ұлттық энергетикалық баяндама 2013» тұсаукесерінде компанияның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

– Әлемдік агенттіктердің болжамы бойынша бұрынғыша энергия өндірісінде негізгі үлес энергияның дәстүрлі көздеріне тиесілі болмақ. Әрі қарай біз Қазақстандағы бастаушы энергия ресурстарына талдау жасадық. Елімізде алдағы уақытта мұнай өндіру көлемі артады, – дейді Ә.Мағауов.

2020 жылға қарай Қазақстанда 130 млн. тонна мұнай өндіріледі деп болжанып отыр.

– Әрі қарай мұнай өндіру көлемі белгілі бір мөлшерде азаяды. Бұл еліміздегі ірі және бұрыннан келетін кен орындарында өндіріс көлемінің қысқаруымен байланысты. Осы ретте біз геологиялық барлауға тартылатын инвестиция көлемін арттыру мәселесін көтердік. Өйткені, соңғы онжылдықтарда мұнай саласындағы негізгі инвестициялар ашық кен орындарын игеруге жұмсалғанын көріп отырмыз. Геологиялық барлауға инвестия мүлдем тартылған жоқ деуге болады, – дейді ол.

KAZENERGY бас директорының пайымдауынша, Үкімет тиісті шараларды қолға алмаса, бұл болашақта мұнай өндіру көлемінің қысқаруына алып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары