$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстан Әзiрбайжан мен Түрiкменстаннан 70 мың т.-ға жуық жанармай алатын болды

Отандық нарықтағы жанар-жағармай жетiспеушiлiгiне байланысты Қазақстан Әзiрбайжан мен Түрiкменстаннан жанармай жеткiзу мәселесiн қарастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрiнiң бiрiншi орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

– Келiссөздер жүргiзiлiп, бүгiнгi күнi 69 мың тонна бензин жеткiзу туралы келiсiмге қол жеткiздiк. Бүгiнге дейін күнi 9600 тонна жеткiзiлдi, 200 тонна жолда келе жатыр. Қазiргi уақытта жұмыс осылай жүргiзiлiп жатыр. Демек, келiсiлген көлемнiң өзiн зауыттар бiзге бере алмай отыр. Сондықтан, «ҚазМұнайГаз» басқа тараптармен де келiссөздер жүргiздi. Қазiргi уақытта әзiрбайжандық Сокар компаниясының бензин жеткiзу мүмкiндiктерi қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Түрiкменстаннан да жанармай жеткiзу мәселесi қаралып жатыр. Бұған қарамастан, жетiспей жатқан бензиндi толғымен қамтамасыз ету мүмкiн болмай жатыр. Сондықтан, бiздiң мұнай өңдеушi зауыттарды мүмкiндiгiнше жүктеп жатырмыз. Олар бүгiнгi күнi рекордтық көрсеткiштерге шығып отыр, – дейдi Ұ.Қарабалин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары