$ 442.05  474.14  4.74

Маңғыстауда қаржылық сауаттылық күндері жалғасуда

Маңғыстау облысында облыс әкімдігінің қолдауымен «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» қоғамдық қоры жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар тізбегін жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» қоғамдық қоры ның мәліметінше, 16 қыркүйекте басталған кең ауқымды іс-шаралар тізбегі 26 қыркүйекке дейін созылады.

Аталған жоба шеңберінде облыста Маңғыстау халқының қаржылық сауаттылығының деңгейі және өңірдегі қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізіледі; облыстың бас аудандарының тұрғындарына арнап ақпараттық-түсіндіру семинарлары ұйымдастырылады; жеке қаржыны басқару тақырыбы және кең тараған қаржы өнімдері туралы оқыту материалдары басып шығарылды, тақырыптық әлеуметтік билбордтар орнатылды, соған қоса облыстық әкімдік сайтына қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған арнайы айдар орналастырылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары