Дамыған мемлекеттердің тұрғындары қаржы өнімдері мен қызметтерінің жүздеген түрлерін пайдаланатын болса, Қазақстанда олардың ең танымалдарының 10 ғана қолданылады, соның ішіндегі 5 өнім – бұл банк құралдары болып табылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» қоғамдық қорының мәліметінше, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ЭСХО ҚҚ Дүниежүзілік банк әдіснамасы негізінде Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығының деңгейіне ғаламдық ұлттық зерттеу жүргізді. Зерттеуге республиканың барлық аймақтарынан 1200 респондент қатысты.
Жүргізілген зерттеудің қорытындылары бойынша анықталғаны – сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 38 пайызы отбасылық бюджетті жүргізбейді, несиелер мен депозиттер тақырыбы ең келелі мәселелердің бірі болып отыр. Сонымен қатар, халық бұл тақырыптар бойынша білім алуға барынша мүдделі болып табылады. Орташа алғанда, қаржылық сауаттылықтың ең төмен деңгейі Қызылорда және Маңғыстау облыстарының респонденттері арасында анықталды.