$ 498.34  519.72  4.85

Сыр елінің сыры сақталған...

Дәл қазіргі сәтте Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында IX Республикалық пән олимпиадасы басталды.

Бұл сайыста еліміздің әр өңірінен келген 13 команда бақ сынауда. Сайыс 3 бөлімнен тұрады. Екі күнге созылған бәсі биік байқаудың қорытындысы бүгін белгілі болады.

Алғашқы күні қонақжайлығын көрсете білген қызылордалықтар университеттің оқу базалық құрлымымен таныстырудан бастады. Атап айтқанда, «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығы жайында тарқатып айтуға болады. Онда тарихи орындармен, ұлттық құндылықтарымен танылған сыр елінің бар құндылығы көрініс тапқан. Ежелгі Сығанақ қаласынан бастап ортағасырлық Жанкент қаласына дейін аумақты алып жатқан көне қаланың жәдігерлері бар. Ежелгі Іңкәрдарияның Сырдарияға құятын ағысын ашып көрсеткен. Төрінде қасиетті Қорқыт қобызы тұрған көрме залында абыз қарияның әуендер жинағы бар екен.

Нұрсұлтан Рахымбаев, Тараз мемлекеттік университеті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары