$ 443.35  475.54  4.82

Алматы облысындағы ең ірі ет өңдеу комбинаттарының бірі биыл жазда ашылады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды. Сапар барысында облыс басшысы бірқатар маңызды нысандар мен әлеуетті жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

А.Баталов алдымен «Империя Фуд» ЖШС-ның ет комбинаты құрылысымен танысты. Бұл компания былтырдан бері инвестиция көлемі 2,3 млрд. теңгені құрайтын ет өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Жобаның қуаттылығы жылына 8 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы болмақ. Зауытқа дейін инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 80,1 млн. теңге бөлінген. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктестік бұған дейін инвестициялық құны 1,4 млрд. теңгені құраған мал бордақылау алаңын 2014 жылы салған болатын. Бүгінгі күні мұнда 2700-ге жуық бас мал бордақылануда. Жыл басынан бері 55 тоннаға жуық ет өткізілген. Ресми делегация бұл нысанда да болды.

Мұнан кейін облыс әкімі Қасымбек ауылындағы «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС жарық-электр техникаларын және металл бұйымдарын шығаратын зауытына атбасын тіреді. Зауыт 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Бас директоры Диас Құрмашевтің айтуынша, зауытта светодиодты шырақтардың 350-ден астам түрі шығарылады. Олардың қатарында кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған шамдар да бар. Сонымен қатар парталар, көшеге, саябақтарға арналған орындықтар, кеңсе сейфтері жəне басқа да бұйымдар шығарады. Зауыт айына 200 мың бірлік өнім шығарып отыр. Яғни, еліміздегі нарық сұранысының 70 %-ын қамтиды.

Зауыттың өнімдері таяу шетелдерге, сонымен қатар Парсы шығанағы мен Латын Америкасына экспортталады. 2016 жылы Дубай мен Панама қалаларында филиалдары ашылған. Өндірілген өнімдегі қазақстандық құрам 92% құрайды. Жыл сайын зауыттың техникалық жарақтандырылуына 500 млн. теңге инвестиция тартылады. Зауытта 220 жұмысшы бар.

Облыс басшысы А. Баталов осындай сапалы дүниелерді Талдықорған қаласын көркейту жұмыстарына қолдануды қарастыруды орынбасары А. Байжановқа тапсырды.

Д.Жұмақұлова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары