$ 448.15  483.46  4.86

Әуезов ауданы әкімдігі салық жоспарын биыл да асыра орындамақ

 

Алматы – Қазақстан бюджетінің доноры. Яғни, мегаполис жыл сайын өз бюджетін өзі қамтамасыз етуден бөлек, ел қазынасына да қомақты қаражат түсіріп отырады. Бұл қаражаттың басым көпшілігі салық түсімдерінен жиналатыны белгілі. Оның үстіне, Алматыда бизнес орта да айтарлықтай дамыған.

Осы ретте айта кету керек, Алматының донор қалаға айналуы – шаһардағы 8 ауданның жемісті еңбегінің арқасы. Әрбір аудан жыл сайын салық түсімдерін арттырып, қаланың экономикалық тұрғыда дамуына өздігінше үлестерін қосып келеді. Солардың бірі – Әуезов ауданы. Өткен жылы аудан Алматы бюджетіне 69,5 млрд теңге түсірген болатын. Аудан салықшылары жылдық жоспарды 105,3 пайызға орындады. Ал, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин болса аталған көрсеткіш биыл тағы өсетінін айтып отыр.

«Жалпы 1 қазандағы көрсеткіш бойынша мемлекеттік бюджетке барлығы 60 млрд 650 млн 468 мың теңге түсті. Жоспардың орындалуы әзірге 104,6%-ды құрайды, ал өсу қарқыны 119,3%. Оның ішінде, Республикалық бюджетке 39 918 362 мың теңге түсті, орындалуы 100,6%, қарқыны 124,8%, жергілікті бюджетке 20 732 106 мың теңге түсті, орындалуы 113,4% және қарқыны 110%. Мемлекеттік бюджеттің жоспар бойынша 57 989 084 мың теңге, түсімі 60 650 468 мың теңге, жоспардан жоғары 2 661 384 мың теңге түсті. Оның ішінде Республикалық бюджеттің жоспары бойынша 39 699 966 мың теңге, түсімі 39 918 362 мың теңге. Осылайша жоспардан жоғары 218396 мың теңге түсті. Жергілікті бюджет жоспары 18 289 118 мың теңге, түсім 20 732 106 мың теңге. Осылайша жоспардан жоғары 2 млрд 442 млн 988 мың теңге түсті. 2017 жылға арналған жылдық болжам: МБ – 88 134 896 мың теңге, орындалуы 68,8%, оның ішінде РБ – 61 396 525мың теңге, орындалуы 65%, ЖБ – 26 738 371мың теңге, орындалуы 77,5%», - дейді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, биыл аудан көлемінде инвестиция тарту жұмыстары да оң жолға қойылыпты.

«2017 жылдың қаңтар-қыркүйек ай аралығында аудан бойынша 30,4 млрд теңге инвестиция негізгі капиталға тартылды. Осы жылы «MOSKVA Metropolitan» СОО-ның екінші кезегі, «Grand Park Almaty» СО-ның екінші кезегінің салынуы басталды. Одан басқа 2017 жылдың соңына дейін «Метрополитен» АҚ және Капиталды Құрылыс кәсіпорнының есеп беру мәліметі бойынша қосымша түсім жоспарлануда», - дейді ол.

Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін де аудан көлемінде бірқатар жұмыстар жолға қойылған. Атап айтқанда, балабақша тапшылығын жою үшін бірнеше ғимарат салынып, ел игілігіне пайдалануға беріліпті.

«Өткен жылы ауданда 657 орынға арналған 21 жекеменшік балабақша ашылды, оның 496 орынға арналған 16 балабақшасы «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. 2017 жылы ауданда 255 орынға арналған 6 жекеменшік балабақша ашылды, оның 180 орынға арналған 5 балабақшасы «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл жұмыс балаларға арналған мектеп алды мекемелерінің орын тапшылығын әлдеқайда азайтуға көмектесті және қазіргі уақытта жалғасын табуда. 2017 жылы жаңа мектептер мен ауруханалар ашылуы болмады. Осы жылы пайдалануға 8 көп пәтерлі тұрғын үйлер  берілді», - дейді аудан әкімінің орынбасары.

Бұдан бөлек Әуезов ауданы бойынша кәсіпкерлерге қолдау жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда. Атап айтсақ, биыл қаражаттандыру жобаларының 1 бағыты бойынша Алматы қаласы аймақтық келісімділік кеңесі аудан бойынша 10 жобаға 263,9 млн теңге сомасына келісім алып, 57 жұмыс орны пайда болған. Аудандағы шағын және орташа бизнестің жағдайы тұрақты түрде дамып келеді, жалпы 14 878 кәсіпкер, 16 005 кәсіпорын тіркелген, оның 8 900 қолданыста.

Сонымен қатар, Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 2017 жылы 7 балабақша және спорттық кешен ашылыпты. Ағымдағы жылда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 7 жеке және заңды тұлғамен ауданды көріктендіру бойынша меморандум жасалған.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары