$ 498.55  524.28  4.75

Бұл – ұлт жадының тұғырнамасы

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәні – адамның ішкі әлемін жаңартатындай, сана-сезімге серпіліс әкелгенінде. Жаңғыру дегеніміздің өзі өзгерістерді қабылдай алуымызға тікелей байланысты. Әйтсе де, Президент осынау еңбегінде бай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамау керектігін ескертеді. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыруға үндейді.

Мемлекет басшысы айтып өткендей егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Ал рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын күшімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгіні мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамда қызу пікірталас тудырды. Президент біздің назарымызды бекер тарихи сананы қалыптастыруға аударып отырған жоқ. Онсыз мемлекеттің негізін нығайту мүмкін емес. Мақалада мемлекет дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасы ұсынылған. Рухани жаңғырудың барлық алты бағыты бұрын қабылданған ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қолдауға және оларды табысты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның келешектегі дамуының негізгі басымдығы мен бағыты ретінде мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және білім беруді жаңғыртуға ерекше басымдық берілген. Ұлт Көшбасшысы сондай-ақ, құндылықтар жүйесінде білім – ең басты құндылық екенін атап өткен.

Қазір әлем жаңа тарихи кезеңінің бастауында тұр. Сондықтан жаңа дәуірде ең жақсысын алып, жаңа жағдайларға назар аудару және бейімделу маңызды. Президент айтқан экономикамызды дамытатын міндеттерді жүзеге асыру әлемнің жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосылуымызға жол ашады. Ал бұл рухани құндылықтар мен басымдықтар жоғары бағаланатын қоғамда ғана мүмкін болады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынып отырған рухани жаңғыру – рухани-мәдени өміріміздегі реформалық жаңашылдықтардың бірі. Сондықтан, қазақстандықтар бәсекеге қабілеттілікті арттыратын прагматизмді, ұлттық сәйкестілікті сақтауды қолдайды, білімге басымдық береді. Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сана-сезімнің ашық болғанын қалайды.

Шахмаран Тойшыбеков,
Жамбыл облысы, Байзақ аудандық Әділет басқармасының басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары