11.05.2015, 18:00

Сабырғали Күсенұлы – аңыз адам!

Егер сіз төтенше жағдай қызметіндегілерден: «Өрт сөндіру қызметінде ең құрметті ардагер кім?» деп сұрасаңыз, бәрі бір ауыздан «Сабырғали Күсенұлы Күсенов» деп жауап беріп, сонымен қатар құрметті ардагер жөнінде бірнеше әңгіме айтып береді.

Сұм соғыста сағы сынбай, Ұлы Жеңіспен елге оралған адам. Қарағанды облысында өрт сөндіру қызметіне 53 жыл өмірін арнаған адам. Ерен еңбегі мен жеткен жетістігі үлкеннен кішіге жеткен адам. Міне, осы сөздерді бірге қызметтес болу бақыты бұйырған адамдардың бәрі бір адамдай қайталайды.

Осы жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Сабырғали Күсенұлы 100 жасқа келді, бірақ ол өрт сөндіру қызметінің өмірінен бір сәтке болсын алыстаған емес. Сабырғали атаны барлық 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы және тағы да басқа мерекелік шараларға үзбей шақырады.

Ұяңдығына байланысты болса керек, Сабырғали Күсенов өзі жайында көп айта бергенді ұната бермейді, дегенмен керемет адамның өмір жолындағы келеңсіз сәттері мен бақытты шақтары жайында біртіңдеп мағлұмат жинап үлгердім.

Сабырғали Күсенұлы 1915 жылы бірінші империалистік соғыстың нағыз күшейген уақытында Батыс Қазақстан облысына қарасты Бисен ауылында дүние есігін ашады. Әскери ыдырауды, Қазан революциясын, азық-түлік салымын бастан кешуге тура келді. Бұл аздай 7 жасында әкесінен айырылады. Сабырғалиды анасымен бірге ағайы қолына алады. 17 жасында ауыл мектебінен түлеп ұшып, оқуын жалғастыруды армандаған екен. Бірақ, арманның бәрі орындала бермейді – ағайы өмірден ұзап Сабырғали екі үйге баскөз болып қала береді. Сауаттылығы мен алғырлығын алға тартып, «Алға шық» («Передовой») туған ауылында есепші қылып жұмысқа алады. Бірнеше жылды артта қалдырып, шаруашылық есебінде инспектор (статист) болып қызмет атқарады.

1939 жылы халықаралық шиеліністің ұлғаюына байланысты Қызыл әскер құрамына шақыртылады.

В 1939 году в связи с обострением международной обстановки его призвали в ряды Красной армии.

Төрт жыл майданда шайқасты. Екі рет жараланды. Аға лейтенант атанды. І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, үш «Қызыл жұлдыз» орденімен және 10-нан аса медалмен марапатталған.

Кеңес әскерінен қатарынан қайтқан Күсенов, 1946 жылдың қазанында Батыс Қазақстан облысы ІІМ Үрді ауданының мемлекеттік өртті бақылау инспекторы қызметіне кіріседі. Жаңа қызметті игеріп, отбасын құрады. Міне тыныштық орнады, жұмысын атқарып, отбасыңмен демалып, рахат ғұмыр кешемін дегені сол, 1952 жылдың қаңтарында Қазақстанның ірі өнеркәсіптік орталығы Карағанды қаласында әскериленген өрт сөндіру күзеті құрылады. Дайындығы мол қызметкер ретінде Сабырғали Күсеновты Қарағанды облысына аға инспектор лауазымына қызметке жібереді. Әрі қарай, №1

әскериленген өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, кейін облыстық ІІБ Өрт сөндіру басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. Қанша жылға ұласқан қызметінде ұйғарымынан кейін қандай да бір кемшілік, не болмаса кінәлі жетекшілердің лайықты жазасын алмаған кездер орын алған емес.

Сабырғали Күсеновте көп балалы отбасы болса да, 1960-1970ж.ж. жалақы сомасының аздығына шағымданғанын көрген адам жоқ. Алты баласын бағып—қағып, жоғарғы оқу орындарында оқытты, қазір 40-тан астам немере, шөберелері бар.

1976 жылы подполковник шеніндегі Сабырғали Күсенов зейнет жасына жетеді. 1989 жылы 53 жылын өрт сөндіру қызметіне арнаған ардагер лайықты зейнетіне шығады. Бірақ, сөздің шыны керек, әріптестерімен хабарды үзген емес. Күні бүгінге дейін, өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жаңа қызметкерлерге өз ісінің хас шебері болуға тәрбиелейді.

Әрине, Сабырғали Күсенұлы –Ресей Патшалығында дүниеге келіп, 100-жасын қасқайып тұрып, егеменді Қазақстан елінде қарсы алған аңыз адам. Сабырғали атаның қызметтік өміріне деген қызығушылығын әлі жалғастыруда, әрқашан теледидардан, өрт сөндіру қызметіне қатысты қандай да бір жаңалықты қалыс қалдырмай, авария, өртке қатысқан бөлімше қызметкерлері өмірін үнемі қарап, бақылап отырады екен.