13.09.2025, 06:30

«Өз отбасы да сынақ»: Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат туралы ашық жазды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Ол жұлдызға айналған ұлының бала кезінен еңбекқор екенін айтып, жетістікке жетудің оңай емес екенін жеткізді. 

Продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында ұлы Қайрат Нұртас туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жұлдызға айналған ұлының бала кезінен еңбекқор екенін айтып, жетістікке жетудің оңай емес екенін жеткізді. 

"Титтейінен еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыз, болды атағым бар деп жатып алған күні болған жоқ, ылғи ізденіс үстінде. Өзін ғана емес, өз отбасын да, ата-ана, бауыр бәрін уайымдаумен бөлісіп отырғанының арқасында мүмкін әлі KN болып отыр. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны, Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман ақыл айтады, неге бүйтпейсің, неге сүйтпейсің деп, сол адамдар неге өздері сөйтпейді екен деп қоямын. Ал ақшасын санап отырғандар, ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да сынақ. Бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да, абыройды да үйіп-төгіп береді, сенің ниетің қалай, асынып-тасынасың ба, жоқ мен таптым деп кеуде көтересің бе оның бәрі пейіліңе байланысты, сынаққа сынып кетпесең Құдайдың бергені берген. Бәріміз мәңгілік емеспіз. Бірақ әрбірінің сен үшін өз орны бар, осыны ұмытпау керек. Ата-ананың ақ батасын алып жүрген азамат-азаматшалардың Алла қолаушысы, қорғаушысы. Болдым, толдым деп, есегі судан өткен соң, тамыры жуандап, әйелінің, бала-шағасының алдында өз әкесінің аузы-мұрнын қан жоса етіп сабап, өлім құштырғанына бәріміз куә болдық. Сондай ұрпақтан сақтасын. Үміт артқан ұл қыздарыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге деген құрметі болып бақытқа жеткізсін! Ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын, қалғанының бәрі реттеймін деген адамға кеш емес, саналы ұрпағымыз болсын!", - деді медиа маман.