$ 498.34  519.72  4.85

Голландия соты ҚР Ұлттық қорының бұғатталған 22 млрд долларын босатты

Голландияның соты Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттау туралы шешімнің күшін қайта жойды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам қаласының аймақтық соты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Bank of NewYork Mellon банкінде бұғатталған Ұлттық қордың қаражатын бұғаттаудан босату туралы өтінішін қанағаттандырды", - делінген аталған хабарламада.

Сот Ұлттық банк пен сотқа үшінші тарап болып қатысқан ҚР Әділет министрлігінің ұстанымымен келісті. Қазақстандық тарап Ұлттық қордың активтерін қол сұғуға жатпайтын мүлік деп қарауды сұраған болатын.

Молдовалық инвестор Стати Нидерланды сотын да ақпараттарды жасырып, адастырған көрінеді. Енді ол сотқа жұмсалған шығынды Қазақстанға төлеп беруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары