$ 498.34  519.72  4.85

Топ-20: Еліміздегі ең көп сатылатын автомобилдер белгілі болды

Қазақстанда жаңа көліктерге деген сұраныс артып келеді. Оны осы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен анық байқауға болады. Бір айдың ішінде елімізде 3,1 мың жаңа автокөлік сатылған екен. Бұл былтырға қарағанда 3 есеге артық деп мәлімдеді Қазақстан автомобильдер өнеркәсібінің одағы.

Сарапшылардың мәліметінше, қазақстандықтар арасында ВАЗ зауытынан шығатын Lada автокөліктері өте үлкен сұранысқа ие. Қаңтар айынан бері бұл маркадағы автомашинаның 785-і сатылып, Tayota брендін екінші орынға ығыстырыпты. Ал, үшінші орында Өзбекстанда жасалатын Ravon автокөліктері тұр. Осы мерзім аралығында қазақстандықтар бұл көліктің 492 данасын сатып алған.

Тұтынушылар қаңтар айында белсенділік танытқаны белгілі болып отыр. Бұл айда ел тұрғындары 251 дана Ravon Nexia R3, 200 дана Lada Granta мен Lada 4×4 "Нива" көліктерін сатып алған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары