$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда 10 мыңға жуық адам баспанаға мұқтаж

Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов тұрғын үй алу үшін кезекте 9836 адамның тұрғанын мәлімдеді, деп жазады lada.kz.

Әкімнің айтуынша, баспаналы болғысы келетіндердің саны жылдан жылға артып келеді. Әр жылы 1000 немесе 1500 тұрғын үй алу үшін кезекке тұрады екен.

«Қазіргі таңда кезекте 9 836 үміткер бар. Оның 21-і өте апатты жағдайда тұрып жатыр. Ал, 401-і жетімдер, 3510-ның әлеуметтік жағдайы нашар, 5904-і мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет жұмысшылары. Ақтау қаласының әкімдігінің бақылауымен тұрғындарды үймен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жасалатын болады», - деді Ғалымжан Ниязов.

2011 жылы тұрғын үйді жаңарту бағдарламасының аясында өңірдегі 23 үй жөндеуден өткен. Апатты жағдайда тұрған 9 үй қиратылып, орнына 325 адамға арналған 3 көпқабатты үй тұрғызылған. Сондай-ақ, құлағалы тұрған 6 баспананың орнына 3 көпқабатты үй тұрғызу жоспаланып отқанын өңір басшысы мәлімдеді.

Жоспар бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының төңірегінде биыл 2200 отбасы баспаналы болмақ. Ал, былтыр олардың саны 3137 болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары