$ 495.2  522.34  4.94

Үйі жоқ қазақстандықтар биылдан бастап жеңілдікпен баспана ала алады

"7-20-25" ипотекалық кредит беру бағдарламасы мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

"Жыл ортасында дайындық шаралары толық аяқталып, ары қарай кредит бере бастаймыз деген ойдамын. Бұл кредиттердің алғашқы пулы қалыптасқаннан кейін, бізге қарасты ұйым бұл кредиттерді сатып алады, яғни, механизм іске қосылады", - дейді Смоляков. 

Оның сөзінше, бағдарламаны бекіту мамырға жоспарланған.

"Қатысатын банктердің қаржылық жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге ипотека береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл кемінде 30-40 пайызға артады", - дейді ол.

Смоляковтың сөзінше, жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес, бірақ, жұмысын "7-20-25" шарттарына сәйкес келетін пәтерлер бойынша "Нұрлы жермен" үйлестіріп отырады.

"Кредиттің максимал көлемі анықталады. Кредитке 20 миллион теңге алынса, үлкен қалалардағы пәтер бағасы, онда кредит алушы айына 140 мың төлеуі керек болады. Ал аймақтық сипат және кредит мөлшері 7 миллион болса, онда айына 50 мың теңге төлейді. Бағдарлама жалпылай икемді", - дейді ол.

Оның сөзінше, бес жылда Ұлттық банкке қарасты ұйым триллион теңгедей қаржы тарта алады. 

Еске салайық, 5 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев  "7-20-25" атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары