15.06.2015, 18:00

Қазақстанда қымбат автокөліктерге сұраныс артуда

rusnsn.info

2015 жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында «Астана Моторс» Қазақстан мотор компаниясының құрамына кіретін BMW AG концернінің эксклюзивті импортшысы «Бавария автоорталығы» BMW, MINI және Rolls-Royse маркалы 130 автокөлік өткізген, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 24%-ға артық, яғни былтырғы көрсеткіш 105 автокөлік деп хабарлайды «Астана Моторс» баспасөз қызметі.

Қазақстан автонарығының премиум-сегментіндегі BMW және MINI маркаларының нарықтық үлесі осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 11%-дан 13%-ға дейін артты.

2015 жылдың қаңтар-мамырында сатылымдар бойынша көш басында — BMW Х5, екінші орынды өзара жаңа Х6 мен 5-сериялы BMW бөлісті.

Қазақстандық импортшы BMW және MINI сатылымдарының артуын Ресей мен Қазақстан нарықтары арасындағы бағаларды теңдестіру жөніндегі шаралармен байланыстырып отыр.

Бұған қоса осы жылы BMW-ның модельдік қатары жаңа көліктермен толықты: қаңтар айында Қазақстан нарығына Х6 кроссоверінің жаңа буыны шықты, содан соң жаңа спорттық Х5М және Х6М келді. Шілдеде нарыққа өңделген 6-серия, ал жаз соңында Х1 кроосоверінің жаңа буыны шығады. Жыл соңында көптен күткен жаңа 7-сериялы  BMW нарықты «дүр сілкіндірмек».